Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» icon

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра»

НазваниеТілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра»
Дата конвертации12.10.2012
Размер382.94 Kb.
ТипПрограмма



Ресми басылым

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы

Официальное издание


Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра»

(қазақ, орыс тілдерінде)


Құрастырған: Науразбаев Ж.Б.



ҚОСТАНАЙ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ










КОСТАНАЙСКИЙ

^ ОБЛАСТНОЙ МАСЛИХАТ

_______________________________________________________________________


ШЕШІМ № 37 РЕШЕНИЕ


2007 жылғы 12 желтоқсан

Тілдерді қолдану мен дамытудың

^ 2007 - 2010 жылдарға арналған

«Асыл мұра» облыстық бағдарламасының

жаңа редакциясын бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:


1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасы жаңа редакцияда бекітілсін (қосымша).


2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай облыстық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, спорт және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.


3.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасын жаңа редакцияда бекіту туралы» 2007 жылғы 23 шілдедегі № 482 шешімнің күші жойылсын.


4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


^ Кезекті, екінші

сессия төрағасы Н. Алашбаев


Қостанай облыстық

мәслихатының хатшысы Ғ. Сағиев



^ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ










^ АКИМАТ КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ


_______________________________________________________________________

ҚАУЛЫ №529 ПОСТАНОВЛЕНИЕ


2007 жылғы 3 желтоқсан

Тілдерді қолдану мен дамытудың

^ 2007-2010 жылдарға арналға

облыстық «Асыл мұра» бағдарламасының

жобасын Қостанай облыстық мәслихатының

сессиясында бекітуге енгізу туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 – бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы №1222 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәскеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес Қостанай облысының әкімдігі

^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қостанай облыстық мәслихатының сессиясында бекітуге тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламсының жобасы жаңа редакцияда енгізілсін (қоса беріліп отыр).

2. «Облыстық «Асыл мұра» бағдарламасының жобасын жаңа редакцияда Қостанай облыстық мәслихатының сессиясында бекітуге енгізу туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі №366 қаулының күші жойылсын.

3.Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш.Бектұрғановқа жүктелсін.

4.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


^ Облыс әкімі С. Кулаги


Қостанай облыстық мәслихатының

2007 жылғы 12 желтоқсандағы

№ 37 шешіміне қосымша


Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған

«Асыл мұра» облыстық бағдарламасы


Қостанай қаласы, 2007 жыл


Мазмұны


1. Паспорт …………………………………………………………………………


2. Кіріспе ................................................................................................................


3. Мәселенің қазіргі кездегі жай-күйін талдау ....................................................


4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері ....................................................


5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері ......................


6. Бағдарламаны қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері ............


7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер ....................................


8. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007 – 2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2007-2008 жылдар) .................................................................................................


1. Паспорт


Атауы

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)

Әзірлеу негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы

Негізгі әзірлеуші

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Мақсаты

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту; орыс тілінің жалпы мәдениеттік қызметін сақтау; этникалық топтардың тілдерін дамыту және ағылшын тілін іскер қатынастарға енгізу

Міндеттері

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде және Қостанай облысы әкімдігінің «Іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру туралы» 2005 жылғы 16 қарашадағы № 375 қаулысына сәйкес іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесі бойынша барлық мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудің негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; орыс тілінің мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретіндегі қызметін қамтамасыз ету; этникалық қауымдастықтар өкілдеріне туған тілдерін үйретуге қажетті жағдайлар жасау; жергілікті бюджет қаражаты есебінен азаматтарды мемлекеттік тілге тегін оқыту; мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқыту

Іске асыру мерзімі

2007-2010 жылдар

Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері

Бағдарламаны қаржыландыру облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бағдарламаның 2007 жылғы болжалды құны – 25,631 миллион теңге, 2008 жылы – 20,144 миллион теңге.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

Бағдарламаны іске асыру облыс аумағында тілдерді қолдану мен дамытуға тиімді жағдайлар туғызуды көздейді



2 Кіріспе


Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасы төрт жылға арналған. Бағдарламада облыста жүргізіліп жатқан тіл саясатының мақсаттары мен міндеттері айқындалған, оларды іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері белгіленген.

Бағдарлама «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 444 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 «Мемлекеттік тілді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың 2007-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 1122 «Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» қаулысына сәйкес әзірленген.

Бағдарламаның өзектілігі қоғамдағы тіл мәселелерін шешуге байланысты іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттігімен анықталады. Қоғамдағы тіл мәселелерін оңтайлы шешу ұлтаралық қатынастарды тұрақтандыру, Қазақстан халқының бірлігін нығайту және қоғамдық келісімді сақтаудың негізгі факторы болып табылады.


^ 3. Мәселенің қазіргі кездегі жай-күйін талдау


Облыстағы тіл мәселесінің қазіргі кездегі жай-күйін талдау «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1997 жылы қабылданған кезінен бастап және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру барысында 2001-2006 жылдардағы кезеңде қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тілдік құрылыс процестерінің ары қарай кеңеюіне және тереңдеуіне қажетті алғышарттар жасалғанын көрсетті.

Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 136 шешімімен, облыс әкімдігінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасын іске асыру барысы туралы» 2005 жылғы 17 маусымдағы № 212 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған «Асыл мұра» облыстық бағдарламасына сәйкес мемлекеттік тілді дамыту, оның білім, мәдениет салаларында, мемлекеттік органдарда қолданылуы, іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі бойынша жоспарлы шаралары іске асырылды.

Тіл құрылысының процестері қоғамда түсіністік пен қолдау тауып отыр. Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қажеттілігінің артып бара жатқандығы байқалады. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басым көпшілігінде іс қағаздарын жүргізу екі тілде - мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Сонымен қатар, қазақ тілінің облыстың мемлекеттік органдарында қолданылуы тілдер туралы заңнама талаптарына толық көлемінде сәйкес келмейді, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы» 1998 жылғы 14 тамыздағы №769 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасындағы іс қағазын жүргізуді кезең-кезеңмен қазақ тіліне көшіру туралы талаптар орындалмай отыр. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білу деңгейі төмен.

Қостанай облысы әкімдігінің «Іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру туралы» 2005 жылғы 16 қарашадағы № 375 қаулысымен бекітілген қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарында, Қостанай облысы әкімдігінің департаменттері мен басқармаларында іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшіру кестесіне сәйкес біздің облыста іс жүргізуді қазақ тіліне көшіруді 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік қызметшілерді қазақ тіліне оқытуды тездету және оқыту сапасын жақсарту Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдарда қолданылу аясын кеңейту бойынша жоспарланған шаралар, ең алдымен, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тілге оқытуды көздейді. Қазіргі таңда әкімшілік мемлекеттік қызметте 7000-ға жуық қызметші бар, ал олардың тек жартысы ғана іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізе алады. «Қостанай облысы әкімдігінің Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының облыстық тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының құрылуы мемлекеттік қызметшілерді қазақ тіліне оқытуды жақсартуға бағытталған. Қазіргі уақытта мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту бойынша Облыстық тілдерді оқыту орталығында 1706 адам оқуға тартылған. Облыс бойынша 12 мыңнан астам адам оқиды.

Қазіргі таңда мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі күні облыста қазақ тілінде тәрбие беретін және оқытатын балабақшалар саны өте аз. Осындай балалар бақшаларын ашу қазір өзекті мәселе болып табылады, өйткені балаларын қазақ тілінде тәрбиелегісі келетін ата-аналар саны артуда, ал оның ішінде өзге ұлт өкілдері де аз емес. Соңғы жылдары мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны көбеюде, бұл әсіресе облыс орталығына тән. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік тілде тәрбиелейтін және білім беретін мектеп және мектепке дейінгі мекемелер жүйесін ұлғайту жөнінен жүргізіліп жатқан нысаналы жұмыс облыс халқы тарапынан қолдау тауып, біздің өңірде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырудың өзекті бағытыболып табылады.

Соңғы екі жыл ішінде мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқыту жүргізілуде.

Жыл сайын Қостанай облысының әкімдігі Кіші Ассамблеяның атсалысуымен Қазақстан халқының бірігуіне, халықтар мәдениеті мен тілдерінің өзара байытылуына себепкер болатын Тілдер шеруін өткізеді.

Оқыту процесінің үзілмеуінің маңыздылығын ескере отырып, балалар мен мектеп оқушыларының демалыс лагерлерінің жазғы ауысымдарында арнайы қазақ тілін оқыту курстарын ұйымдастыру шаралары қабылданды.

Облыстық ономастикалық комиссия облыс аумағында тарихи атауларды ретттеу және қалпына келтіру, топонимикалық және басқа атауларды талапқа сәйкестендіру жөніндегі қызметін жүзеге асыруды жалғастыруда.


^ 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері


Бағдарламаның мақсаттары:

мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту;

орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;

этникалық топтардың тілдерін дамыту және ағылшын тілін іскерлік қарым-қатынасқа енгізу болып табылады.

Бағдарламаның мақсаттары мынадай міндеттерді орындауды талап етеді:

мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде іскерлік байланыстың негізгі тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету;

орыс тілінің мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін өзі басқару органдарында ресми қолданылатын тіл ретіндегі қызметін қамтамасыз ету;

этникалық қауымдастықтар өкілдерін туған тілдеріне үйретуге қажетті жағдайлар жасау;

мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді қызметтік міндеттерін атқару үшін қажетті көлемде игерулеріне тиісті жағдайлар жасау;

азаматтарды облыстық бюджет есебінен мемлекеттік тілге тегін оқыту қурстарының бірегей жүйесін ұйымдастыру;

қарым-қатынас, тәрбиелеу, оқыту және шығармашылық тілін еркін таңдауға, облыс халқының өз тілінде еркін сөйлеуіне жағдай жасау;

мемлекеттік қызметшілерді ағылшын тіліне оқыту.


^ 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері


Бағдарламаның негізгі бағыттары:

1) тілдерді қолдану мен дамытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету;

2)тілдердің мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласындағы қолданылуы;

3) білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдің дамуы;

4)мәдениет саласында, бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету салаларында тілді дамыту.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында көзделеді:

1)Тілдерді қолдану мен дамытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету.

Тілдерді дамытуды нормативтік-құқықтық қамтамасыз етудің маңызды міндеттерінің бірі - қызметі тікелей әлеуметтік қарым-қатынаста іске асырылатын қоғамдық өмір салалары қызметкерлерінің мемлекеттік тілді игеруіне қатысты талаптарды әзірлеу және нормативті бекіту болып табылады. Бұл – ең алдымен, мемлекеттік қызмет, денсаулық сақтау, білім, ғылым, мәдениет, халыққа қызмет көрсету саласы, көлік, байланыс. 2008 жылдың 4-тоқсанының аяғына таман Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шараларының қысқа мерзімдік жоспарын әзірлеу қажет.

2)Тілдердің мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласындағы қолданылуы.

Мемлекеттік тілдің мемлекеттік органдар жүйесінде қолданылу аясын одан әрі кеңейту кадрлардың тілді қажетті деңгейде білуін талап етеді, бұл жағдай келешекте біліктілік талаптары мен қызметтік міндеттеріне қарамастан мемлекеттік қызметшілердің барлық санаттары үшін міндетті норма болуға тиіс.

«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес:

азаматтарға мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру;

мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін оқытуды ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру;

этникалық қауымдастықтар өкілдеріне туған тілдерін үйретуді ұйымдастыру жұмыстарын жалғастыру;

этникалық топтар өкілдеріне мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу туралы» 2000 жылғы 21 қыркүйектегі № 117-Ө өкіміне сәйкес мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді материалдық көтермелеу практикасын жалғастыру.

Тәжірибе көрсеткендей, тілді дамытудың ынталандыру сипатындағы қосымша шаралармен бекітілмеген тек қана әкімшілік шаралардың тиімділігі жеткіліксіз. Сондықтан императивтік шаралармен қатар ынталандыру әдістерін де қолданысқа енгізу қажет. Өз қызметінде мемлекеттік тілді қолданатын мемлекеттік органдар, ұйымдар мен мекемелердің қызметкерлерін материалдық ынталандыру жөнінен нәтижелі шаралар жүйесін жасау үшін құқықтық негіздер әзірлеу қажет. Аталған мәселені шешу мемлекеттік тілді өз еркімен үйренуге ықпал ететін пәрменді тетіктердің бірі болуға тиіс. Жыл сайын «Үздік аудармашы» және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білулерінің облыстық конкурстарын өткізіп отыру қажет.

Сонымен қатар, тілдер туралы заңнаманы бұзушыларды жауапкершілікке тарту мәселесі де іс жүзінде шешімін талап етеді. Бұл үшін мемлекеттік органдарда «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын тексеру жұмыстарын жалғастыру қажет;

3) Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдің дамуы.

Қазіргі таңда бұл салада әртүрлі тұрпаттағы оқыту және тәрбиелеу мекемелеріне көп көңіл бөлініп отыр, бұл лингвистикалық дайындықты қажетті көлемде жүзеге асырудың анағұрлым оңтайлы және табиғи жолы болып табылады.

Жалпы білім беру мектептері тілдік дайындықты қамтамасыз етуді ұйымдастырудың неғұрлым көбірек мүмкіндіктеріне ие. Мұнда маңызды мәселелердің бірі – оқушыларды отандық оқулықтардың жаңа үлгілерімен қамтамасыз ету. Ең алдымен бұл қазақ сыныптарына қатысты.

Оқу орындары түлектерінің әлеуметтік кеңістіктен әрдайым өз орындарын табуына ықпал ету мақсатында оқыту тілі мен меншік нысанына қатыссыз барлық оқу орындарында бағдарлы пәндердің бірі болуға тиісті мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына мемлекеттің көптеп көңіл бөлгені жөн. Бұл орайда, ол үшін қажетті сағаттар саны басқа тілдер сағаттарынан бөлу есебінен емес, оқу процесін жалпылама оңтайландыру нәтижесінде көбейтілуге тиіс.

Облыстық тілдерді оқыту орталығы жұмысының басты бағыттарының бірі мемлекеттік тілді интенсивті оқытудың тегін курстарын ұйымдастыру болуға тиіс. Курстарға қатысудың нәтижелілігіне қызығушылықты арттырудың пәрменді тетіктерін жетілдіру қажет. Курстарға қатысудың нәтижелері қызметкердің негізгі кәсіби қызметінің нәтижелерімен бір деңгейде қарастырылуға тиіс. Осы ереже тіл туралы заңнаманың талаптары қолданылатын қоғамдық қызмет салалары үшін міндетті болуға тиіс.

Сонымен:

жалпы білім беретін мектептердегі, орта арнайы оқу орындарындағы қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын жалғастыру;

мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілінде тәрбие беретін және оқытатын топтар санын (топтардың жалпы санын ұлғайтпай) көбейту жұмыстарын жалғастыру;

орта, жалпы білім беретін, орта кәсіби оқу орындарындағы басқа тілде оқытылатын бөлімдердегі қазақ тілін оқыту сағаттарының санын оқу процесін оңтайландыру жолымен көбейту (негізгі оқу жоспары бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) жұмыстарын жалғастыру;

сауықтыру лагерлерінің жазғы ауысымдарында мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;

оқушыларды партиоттық тұрғыда тәрбиелеу мақсатында мектеп оқушылары арасында шығармалар конкурсын, «Қазақ тілінің үздік оқытушысы», мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Бала тілі - бал» конкурстарын жыл сайын өткізу;

Облыстық тілдерді оқыту орталығының жұмысын қамтамасыз ету, жыл сайын мемлекеттік тілді оқыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, өңірлік, облыстық семинарлар өткізу;

мемлекеттік мекемелердегі мемлекеттік тіл кабинеттерінің облыстық байқауын және мемлекеттік тілді оқытудың озық бағдарламасына конкурс өткізу;

Қазақстан халқы тілдерін қолдау мақсатында туған тіл мен мәдениетті қолдану, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдаудың конституциялық құқығын іске асыру шараларын қамтамасыз ету;

ұлттық-мәдени орталықтарға қолдан келгенше қолдау көрсету, атап айтқанда, кітап және оқу-әдістемелік қорын құруда;

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі - ағылшын тілін оқытуды күшейту үшін шаралар қабылдау қажет.

4) Мәдениет саласында, бұқаралық ақпарат құралдары мен халыққа қызмет көрсету саласында тілді дамыту.

Мәдениет саласында неғұрлым бұқаралық және ойын-сауық нысандарына – телешоу, музыкалық бағдарламалар, бейнероликтер шығаруға ерекше көңіл бөлу қажет. Мәселен, Бағдарламаның іс-шаралар жоспары бойынша:

жыл сайын Қазақстан халқының тілдері күнін, көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсын, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттіліктің нышаны» облыстық фестивалін, мемлекеттік тіл саясатын насихаттайтын көрнекі ақпарат пен үгіт-насихат құралдарының конкурсын, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру және «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру аясында облыстық «Полиглот» конкурсын, тілдік құрылыс мәселелері бойынша ұлттық-мәдени орталықтар және интеллигенция өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, іс-қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру, ономастика мәселелері бойынша көшпелі семинарлар өткізу;

мемлекеттік тілді көлік, байланыс, денсаулық сақтау, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және анықтамалық-ақпараттық қызмет салаларында қолдануды қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;

мемлекеттік тілдің ақпараттық кеңістігін кеңейту, мемлекеттік органдардың веб-сайттарын мемлекеттік тілдегі сапалы ақпаратпен толықтыру және электрондық дерекқор жасау;

Қазақстан Республикасы заңнамасының электрондық бұқаралық ақпарат құралдарындағы мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің тепе-теңдігінің сақталуы жөніндегі талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;

бұқаралық ақпарат құралдарында тілдің қоғамды біріктіру факторы ретіндегі рөлін насихаттау жұмыстарын жалғастыру;

кітапханаларды қазақ тіліндегі және Қазақстан Республикасындағы басқа тілдердегі әдебиеттермен жүйелі толымдап отыруды қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру;

мемлекеттік тілді насихаттайтын бейнероликтер дайындау қажет;

ономастикалық қызметтің ғылыми-фактологиялық базасын жетілдіру, тарихи қалыптасқан қазақ топонимдерін есепке алуды және жүйелеуді жүргізу, топонимдерінің қолданылу жиілігін зерделеу қажет.

Бағдарламаны іске асырудың тетігі, облыс, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бағдарламаның іске асырылуын жедел басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз етуі болып табылады.


^ 6. Бағдарламаны қаржыландырудың

қажетті ресурстары мен көздері


Бағдарлама облыстық бюджет есебінен, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздерінен қаржыландырылады. 2007 жылы 25,631 млн. теңге бөлінді, 2008 жылы 20,144 млн. теңге бөлінеді деп жоспарланып отыр.


^ 7. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер


Бағдарламаны жүзеге асыру облыс аумағында қолданылатын тілдердің қызмет етуіне және дамуына қолайлы жағдайлар туғызуды көздейді, атап айтқанда:

қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін іс жүзінде іске асыру, облыс аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында оған заңмен бекітілген әлеуметтік міндеттерді іске асыру;

орыс тілінің оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген негізгі міндеттерін толық көлемінде сақтау;

облыс аумағында өмір сүріп жатқан барлық халықтың тілдерін үйренуге және дамытуға жағдай туғызу, әр азаматтың қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алу жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру;

үштілділік принципін қолданысқа енгізу, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді араласуға дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауды жүзеге асыру.


^ 8. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007 - 2010 жылдарға арналған «Асыл мұра»

облыстық бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (2007 - 2008 жылдар)


р/с№

Іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Болжалды шығыстар

(мың теңге)

Қаржылан

дыру көзі




1

2

3

4

5

6

7




1.Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету




1

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2009-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шараларының қысқа мерзімді жоспарын әзірлеу


Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы


«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі



2008 жылдың

4-тоқсаны


Талап етілмейді







2.Мемлекеттік басқару және іс қағаздарын жүргізу саласында тілдерді қолдану




2.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкес «Қарым-қатынас тілі», «Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде стандартқа сәйкестендіру», «Мемлекеттік тілді сала бойынша үйрету» бағдарламалары бойынша азаматтарға мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру


МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылы


2008 жылы


5831,0


6823,0


Облыстық бюджет




3.

Мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылы


2008 жылы

1580,0


1659,5

Облыстық бюджет




4.

Этникалық топтардың өкілдерін туған тілдеріне оқыту жөніндегі жұмысты жалғастыру

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылы


2008 жылы

1870,0


1856,0

Облыстық бюджет




5

Этникалық топтардың өкілдерін мемлекеттік тілге оқытуды ұйымдастыру

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылы


2008 жылы

1869,0


1237,3

Облыстық бюджет




6

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 21 қыркүйектегі № 117-ө «Мемлекеттік тілде құжат дайындауды жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді көтермелеу туралы» өкіміне сәйкес құжаттардың мемлекеттік тілде даярлануын жүзеге асыратын әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерді материалдық ынталандыруды жалғастыру.

Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Мемлекеттік мекемелердің басшылары

2007 -

2008 жылдар

Еңбекақы қоры бойынша үнем болған жағдайда

Облыстық бюджет, қалалар мен аудандар

дың бюджеттері




7

Мемлекеттік тілдің көлік, байланыс, денсаулық сақтау, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету және анықтама-ақпараттық қызмет салаларында қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру

Әкімдіктің қаулылары, бұйрықтар

Қалалар мен аудандардың әкімдері, денсаулық сақтау, жолаушылар тасымалы және автомобиль көлігі, өнеркәсіп және кәсіпкерлік департаменттері, «Казпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалы (келісім бойынша), «Қазақтелеком»

облыстық телекомуникация-сының дирекциясы

(келісім бойынша)


Тұрақты

Талап етілмейді







8

Бекітілген кестеге сәйкес «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік мекемелерде орындалуын тексеру жөніндегі жұмысты жалғастыру


МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


Тұрақты, кестеге сәйкес

Талап етілмейді







9.

«Үздік аудармашы» облыстық конкурсын өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

3- тоқсаны

2008 жылдың

3- тоқсаны

83,0


72,0

Облыстық бюджет




10.

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білулері жөнінен облыстық конкурс өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

3-тоқсаны,

2008 жылдың

3-тоқсаны

98,0


80,0

Облыстық бюджет




III. Білім беру және тілдерді оқыту салаларындағы тілдік даму




11.

Облыстың жалпы білім беру мектептеріндегі, арнайы орта оқыту орындарындағы қазақ тілі пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру


Облыс әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесі

2007 жылы


2008 жылы

1133,0


1224,0

Облыстық бюджет




12.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында қазақ тілінде оқытатын және тәрбие беретін топтардың санын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру (топтардың жалпы санын арттырмастан).


МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесі

Жыл сайын

Талап етілмейді







13.

Орта жалпы білім беретін және орта кәсіптік оқу орындарының өзге тілдерде оқытатын бөлімшелерінде оқу процесін оңтайландыру жолымен (негізгі оқу жоспары бойынша жалпы сағат санын көбейтпей) қазақ тілін оқытуға арналған сағаттар санын көбейту жөніндегі жұмысты жалғастыру


МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесі

Жыл сайын

Талап етілмейді







14.

Біріңғай мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға ұлттық-мәдени бірлестіктерді тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру, этникалық топтардың тілдерін дамытуға барынша қолдау көрсету

Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан халқының облыстық Ассамблеясы (келісім бойынша)

Жыл сайын

Талап етілмейді







15.

Жазғы сауықтыру лагерлерінде біріңғай Мемлекеттік тіл күндерін өткізу

Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесі



Жыл сайын

Талап етілмейді







16.

Сауықтыру лагерлерінің жазғы ауысымдарында мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру

Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

2-3-тоқсаны


2008 жылдың

2-3-тоқсаны

2096,0


1927,0

Облыстық бюджет




17.

Оқушыларды патриоттық тәрбиелеу мақсатында жыл сайын мектеп оқушылары арасында шығарма жазу конкурсын өткізу.

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

2- тоқсаны


2008 жылдың

2- тоқсаны

131,0


115,0

Облыстық бюжет




18.

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Қазақ тілінің үздік мұғалімі» конкурсын өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

3- тоқсаны


2008 жылдың

3- тоқсаны

94,0


77,00

Облыстық бюджет




19.

Мектеп жасына дейінгі балалардың арасында «Бала тілі - бал» атты конкурс өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

2-тоқсаны


2008 жылдың

2-тоқсаны

173,0


154,0

Облыстық бюджет




20.

Мемлекеттік тілді оқыту, ономасика және топономика мәселелері жөніндегі семинарлар өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

3-тоқсаны


2008 жылдың

3-тоқсаны

98,0


86,0

Облыстық бюджет




21.

Облыстың мемлекеттік мекемелеріндегі мемлекеттік тіл кабинеттерінің облыстық байқауын өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі



2007 жылдың

4-тоқсаны



317,0



Облыстық бюджет




22.

«Тілдерді оқытудың облыстық орталығын» құру және жұмысын қамтамасыз ету

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылы

4615,0

Облыстық бюджет




23.

Мемлекеттік тілді оқытудың ең үздік оқу бағдарламасына конкурс өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

4-тоқсаны



407,0



Облыстық бюджет




24.

Мемлекеттік тіл саясаты мәселелері бойынша өңірлік семинар өткізу.

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

3-тоқсаны


2008 жылдың

3-тоқсаны

512,0


411,0

Облыстық бюджет




IV. Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және халыққа қызмет көрсету салаларында тілдік даму










25.

Қазақстан халқы тілдері күнін өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

Қалалар мен аудандар әкімдері, «Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

3-тоқсаны


2008 жылдың

3-тоқсаны

274,0


274,0

Облыстық бюджет




26.

Көркемсөз оқу шеберлерінің конкурсын өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

3-тоқсаны


2008 жылдың

3-тоқсаны

83,0


197,0

Облыстық бюджет




27.

«Мемлекеттік тіл- мемлекеттіліктің нышаны» облыстық фестивалін өткізу



МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі


2007 жылдың

2-тоқсаны


2008 жылдың

2-тоқсаны

156,0


126,0

Облыстық бюджет




28.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау жөніндегі көрнекі үгіт және көзге түсетін ақпарат конкурсын өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

3-тоқсаны


2008 жылдың

3-тоқсаны

135,0


121,0

Облыстық бюджет




29.

Жан-жақты мәдени тұлғаны қалыптастыру мәселелері жөніндегі «Үштілділік- жас қазақстандық үшін норма»: жастар конференциясын өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесі, «Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік

мекемесі


2007 жылдың

2-тоқсаны



140,0



Облыстық бюджет




30.

Тілдік құрылыс мәселелері бойынша ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері мен зиялылардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізу

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

2, 4-тоқсаны

2008 жылдың

2, 4-тоқсаны

101,0


67,0

Облыстық бюджет




31.

Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру, ономастика мәселелері жөнінде көшпелі семинарлар өткізу (3 семинар).



МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

2, 4-тоқсаны


2008 жылдың

2, 4-тоқсаны

167,0


162,0

Облыстық бюджет




32.

Электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік және басқа тілдердегі хабарлар көлемінің тепе-теңдік қатынасының сақталуына қатысты талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру



МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі

2007-2008 жылдары тоқсан сайын

Талап етілмейді

Облыстық бюджет




33.

Тілдік даму мәселелерін қоғамның шоғырлану факторы ретінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөніндегі жұмысты жалғастыру

МАМ-ға, Қостанай облысы әкімінің аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін БАҚ басшылары


2007 жылы


2008 жылы

2768,0


2768,0

Облыстық бюджет




34

Кітапханалардың қазақ және Қазақстан Республикасы халқының басқа да тілдеріндегі әдебиетпен жүйелі толықтырылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының мәдениет департаменті» мемлекеттік мекемесі, «Қостанай облысының білім беру департаменті» мемлекеттік мекемесі


Жыл сайын

Талап етілмейді







35.

Мемлекеттік тілді насихаттау жөнінде бейнероликтер дайындау.

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

2, 3-тоқсаны



400,0



Облыстық бюджет




36

«Ана тілі және отбасы» фестивалін өткізу

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

4- тоқсаны


2008 жылдың

4- тоқсаны

300,0


145,0

Облыстық бюджет




37

Үш тілді білетіндер арасында «Полиглот» облыстық конкурсын өткізу

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2007 жылдың

4- тоқсаны


2008 жылдың

4- тоқсаны

200,0


210,0

Облыстық бюджет




38

Облыстық ақындар айтысын өткізу

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2008 жылдың

4- тоқсаны

195,0

Облыстық бюджет




39

«Отбасынан бастайық» конкурсын өткізу

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2008 жыл ішінде

100,0

Облыстық бюджет




40

«Тіл – халық зердесін тану кілті» конкурсын өткізу

Қостанай облысы әкімі аппаратына ақпарат

«Қостанай облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі

2008 жылдың

3-тоқсаны

57,0

Облыстық бюджет







Барлығы







2007 жылы

2008 жылы

25631,0

20144,0








ескерту: МАМ- Мәдениет және ақпарат министрлігі

БАҚ – Бұқаралық ақпарат құралдары




Похожие:

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» icon2008-2010 жылдарға арналған Қостанай қаласындағы тілдерді қолдану мен дамытудың Бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconПротокол №2 от 27. 12. 2006г
Наименование программы: Программа развития моу «Новофирсовская средняя общеобразовательная школа» на 2007 – 2010 годы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconЗакон об образовании
ФЗ, от 05. 02. 2007 n 13-фз, от 09. 02. 2007 n 17-фз, от 20. 04. 2007 n 56-фз, от 26. 06. 2007 n 118-фз, от 30. 06. 2007 n 120-фз,...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconПостановление От 21 марта 2007 г n 172 о федеральной целевой программе "дети россии" на 2007 2010 годы (в ред. Постановлений Правительства РФ от 11.
В целях создания условий для повышения качества жизни и здоровья детей Правительство Российской Федерации постановляет
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconПро затвердження Державної цільової соціальної програми "Школа майбутнього" на 2007-2010 роки Кабінет Міністрів України п о с т а н о в л я є
Затвердити Державну цільову соціальну програму "Школа майбутнього" на 2007-2010 роки (далі Програма), що додається
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconРешение Об утверждении районной целевой программы «Обеспечение жизнедеятельности и развития учреждений дополнительного образования детей Кежемского района» на 2008-2010 годы
О внесении изменений в решение Кежемского районного Совета депутатов от 21. 12. 2007 г. №30-200 «Об утверждении районной целевой...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconПро затвердження Державної цільової програми роботи з обдарованою молоддю на 2007-2010 роки Кабінет Міністрів України п о с т а н о в л я є
Затвердити Державну цільову програму роботи з обдарованою молоддю на 2007-2010 роки (далі Програма), що додається
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconПрограмма развития школы на 2006-2010 годы паспорт программы. Наименование программы
Постановление Правительства Мурманской области от 28. 06. 06 года №256-пп/8 «О региональной целевой программе «Развитие Мурманской...
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconДокументи
1. /konkursi 2007-2010/____1_-2007-2008-(2).doc
2. /konkursi...

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2010 жылдарға арналған облыстық «Асыл мұра» бағдарламасы Официальное издание Областная программа функционирования и развития языков на 2007-2010 годы «Асыл мұра» iconПротокол №2 от 17. 11. 2010 г. Утверждено: Приказом №131/2 От «17» ноября 2010 г. Директор моу сош №16 Пусько А. В
Министерства образования мо 3906-01а/07 от 29. 06. 2007 года и №289 от 27. 02. 2007 года, Положении о системе оценки качества образования...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©cl.rushkolnik.ru 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы